Шардараға 1100 текше метр су келуде

- Үкімет тарапынан ұсынастар жинақталып, әр облысқа көмек шаралары берілетін болады. Мәселен, Қызылорда облысына су тапшылығын болдырмау және жеңілдету мақсатында Үкімет резервінен 3 млрд.600 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Оған 67 насос қондырғысы және қосымша трансформатор алу көзделуде.
Жақсы жаңалық, 11 наурыздан бастап жауын-шашын мол түсуіне байланысты судың мөлшері көбейді. 12 наурыз күні секундына 567 текше метр су түссе, бүгінде 1100 текше метр су келуде. Қазіргі уақытта Шардарада 5 млрд.текше метр су бар. Қызылордаға 800 текше су келіп жатыр. Бұл табиғаттың бізге берген үлкен көмегі. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мамандарына күріш көлемін азайтып егуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады, - деді Серік Салауатұлы.