Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Зорлық-зомбылық көрген әйелдер қайда жүгінеді?

Зорлық-зомбылық көрген әйелдер қайда жүгінеді?

ҚР Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсеткендей, қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығының бұзылуының бірі- әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуы. Зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек. Зорлық-зомбылық - бұл әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Отбасы мен қоғамның арасындағы байланысты әлсіретіп, еліміздің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуге жол бермейді. Осыған орай, қала тұрғындары назарына - қандайда бір тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беріп, адамның денсаулығына қасақана зиян келтіріп, сонымен қатар, моральдық-психологиялық қысым көрсеткен жалпы құқығын шектеген азаматтар қылмыс құрамына қарай Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен жауапкершілікке тартылады.

Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген не осындай жағдайға куә болған азаматтар назарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, сондай-ақ қала көлемінде орналасқан «Қамқорлық», «Жан», «Аналар Үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорларды және олардың сенім телефондарын ұсынады:

Сырдария аудандық полиция бөлімі (872436) 21-2-48; 102
«Қамқорлық» дағдарыс орталығы: 8(7242 ) 30-25-40; 8-777-340-87-34; 8-777-456-11-06
«Жан» дағдарыс орталығы: 1-16-16
«Аналар Үйі» қоғамдық қоры: 14-22


04 наурыз 2022 ж. 818 0