Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Шалабаев: «QOGAM TV» телеарнасын Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар

Мұрат Шалабаев: «QOGAM TV» телеарнасын Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар

Қызылорда қаласындағы «QOGAM TV» телеарнасы жерсеріктік телевизия OTAU TV пакетіне қосылды.

Телеарнаны бүгінгі күннен бастап, спутниктік «тәрелкесі» бар тұтынушы, республиканың кез-келген аумағынан көре алады.

«Қызылорда облысы бойынша ақпарат таратуға мүмкіндікті 4 жыл бұрын алған болатынбыз. Пандемия жағдайына байланысты бұл жұмыстар кейінге шегеріліп келді. Биылғы жылы аталған жұмыстарды қайта қолға алып, қазіргі таңда техникалық және құжаттама мәселелері шешімін тапты. Бүгінде телеарна «Отау ТВ» жерсеріктік желісіне қосылды. Енді біздің арнаны Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар. Телеарнаны қазір қала тұрғындары ғана емес, республика халқы тамашалайтын болғандықтан, жоспарға сәйкес хабар кестесі жаңа бағдарламалармен толығатын болады», – дейді «QOGAM TV» телеарнасының атқарушы директоры Мұрат Шалабаев.

QOGAM TV телеарнасының ұжымын жаңа жетістікпен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
02 наурыз 2022 ж. 561 0