Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Облыста 30 мыңнан аса тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды

Облыста 30 мыңнан аса тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда – 253 адам, ал жансақтау бөлімінде 25 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ, өңірдегі барлық емханаларда екпе қоры жеткілікті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

-Өңірде санитарлық эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты «сары аймаққа» ендік. Өткен тәулікте 20 жағдай тіркелді. Яғни, аурушаңдық деңгейі салыстырмалы түрде төмендегені байқалады. Сонымен қатар, 72 515 облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті. Оның 4 мыңнан астамы американдық «Pfizer» вакцинасын салдырды. Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентін 93 пайыз, ал ІІ компонентін алғандар 89,8 пайызды құрады. Ал 30 513 адам «Pfizer» вакцинасымен қамтылды, - деді Жангелді Шаймбетов.
03 ақпан 2022 ж. 582 0