Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛМАТЫЛЫҚ БЕГЕМОТТЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ ФРАНЦИЯДАН ҰШЫП КЕЛЕДІ

АЛМАТЫЛЫҚ БЕГЕМОТТЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ ФРАНЦИЯДАН ҰШЫП КЕЛЕДІ


Алматы зообағы беташарға дайындалып жатыр. Бүгін зообақтың тұрғыны бегемот Джамбоға Франциядан қалыңдық ұшып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Лотти жолда ұшып келе жатыр! Аса ірі жануарларға жол жүру өте ауыр! Талап бойынша Лотти 30 күн карантинге жабылады. Кейін Джамбо ұсыныс білдірген соң ғана беташар болады», - деп жазды Инстаграмда зообақтың бұрынғы директоры Ержан Еркінбаев. Мұның алдында Алматы зообағының әкімшілігі Джамбо мен жолбарыс Урманға қалыңдық іздестіріп жатқанын хабарлаған еді. Теңбіл жыртқышқа Ресейдің Хабаровск зообағынан Тайга есімді өлекшін (ұрғашы жолбарыс-авт.) жеткізілетін болды.
28 наурыз 2018 ж. 1 026 0