Қызылордалық «Kitap Qurttary» кітап клубы 3 жылдығын атап өтті

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет жастардың пікірлерін саралай келе, отандық және шетелдік әдебиеттердің өскелең ұрпақтың ой-санасын дамуына зор ықпал ететінін және «Кітап құрттарындағы» интеллектуалды жастардың арасынан жаңа есімдердің шығару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысының атынан «Сыр – Алаштың анасы» кітабын сыйға тартты.
Кеш қонақтары кітап клубының аймақтың интеллектуалдық әлеуетін дамытып, креативті жастардың жан-жақты қолдауына қосқан үлесін жоғары бағалап, ізгі тілектерін білдірді және ұйымның қорын бірнеше құнды кітапты сыйға тартты және өздерінің сүйікті шығармалары туралы еркін пікір алмасты.
©Облыс әкімінің баспасөз қызметі