Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Кітап оқудан онлайн эстафета

Кітап оқудан онлайн эстафета

«Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында Қызылордадағы Зияткерлік мектептің білім алушылары демалыс уақытында қазақ, орыс және шетелдік жазушыларының шығармаларын белсенді оқып, мазмұнымен өзгелерді әлеуметтік желі арқылы таныстыруда, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Бүгінде кітап оқу эстафетасына алғашқы болып «Сұңқар», «Бегім ана» және «Сыр елі» шаңырақтар оқушылары қолдау көрсетті. Жас оқырмандар Жұбан Молдағалиевтың өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік сипатталатын «Мен қазақпын» поэмасын, Оралхан Бөкейдің тарихи және әлеуметтік маңызы зор «Өз отыңды өшірме» шығармасын және Антуан де Сент-Экзюперидің балаларға арналған «Кішкентай ханзада» кітабын оқуға кеңес береді. Және де басқа оқушыларды эстафетаға қолдау көрсетіп, бос уақыттарында кітап оқуға шақырады.
24 наурыз 2020 ж. 1 765 0