Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мемлекеттік қызмет жауапкершілік жүктейді

Мемлекеттік қызмет жауапкершілік жүктейді

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қыз­метшінің мемлекет­тік биліктің міндет­тері мен қызметтерін мемлекеттік органдарда атқаратын қызметі. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы деуге болады. Оларға жоғары талаптардың қойылатындығы да содан болар. Мемлекеттік қызметші бі­лімді, білікті, адал, әділетті және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметші қарапайым ха­лық пен мемлекеттік биліктің арасын­ байланыстыратын бір буын бол­ғандықтан, оның жұмысы халыққа сапалы қызмет көрсетуімен бағаланады.

Халыққа қызмет ету қашан да абыройлы міндет болғанымен, сенім арт­қан жандардың үмітін ақтау, көптің көңі­лінен шығу да оңай шаруа емес. Сот жүйесі – биліктің үшінші тармағы, мұнда ке­летін азаматтардың басым бөлігі бір­неше мекеменің табалдырығын тоздырып, төзімдері таусылып, ашу-ызамен, агрессиямен келіп жатады. Сондықтан мемлекеттік қызмет кез келген жағдай­дан шешім тауып шыға алатын, жылдам­дылық, төзімділік мінезді де талап етеді.

Мемлекеттік қызметші қызмет бабын­да, қоғамдық ортада заң талаптарын сақтап, сыбайлас жемқорлықтан алшақ жүріп, алдын алуы тиіс. Сонымен қатар, ол әрқашан қарапайымдылық таны­тып, өзін ортада дұрыс ұстау арқылы ха­лық­тың мемлекетке деген сеніміне кү­мән кел­тірмеуі керек.

Мемлекеттік қызметшінің міндеттері мен бірге құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Р.Сүлейменова,
Сырдария аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі
01 ақпан 2022 ж. 390 0