Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бір азаматқа ерекше талап белгіленді

Бір азаматқа ерекше талап белгіленді

Аудан бойынша қазіргі таңда отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқаны белгілі. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік-құқықтық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтауда.

Мәселен, ӘКБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі негізінде отбасылық жанжал тудырғаны үшін бір азаматты сот қаулысымен қамауға алды. Бұл ретте, аталған азаматқа 3 ай мерзімге ерекше талап белгіленді. Талапты орындау барысында ол ішімдікті ішпеуге, тәртіп бұзушылықты болдырмауға міндетті.

Айта кетейік, сала мамандары ауданға қарасты қолайсыз отбасылардың үйіне барып, профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындар өз өтініштерін жеткізді.

Нұрбол БАЙЖАНОВ,
Сырдария АПб-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты 
26 қаңтар 2022 ж. 419 0