Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қыз-келіншектерге түсіндірме жұмысын жүргізді

Қыз-келіншектерге түсіндірме жұмысын жүргізді

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Сырдария АПб-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрбол Байжанов кент орталығында орналасқан "Serikbol" сауда үйі мен "Ansar" дәріханасында, кент көшелерінде  қыз-келіншектерге түсіндірме жұмысын жүргізді.

Өз кезегінде сала маманы  акцияның маңыздылығына тоқталып, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау алғы-шарттарын айтты. Отбасылық жанжал салдарынан нәзік жандылардың өміріне қауіп төндіретін негізгі факторларды атады.

Сонымен бірге, кент тұрғындары арнайы маманға көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала білді. 

30 қараша 2021 ж. 555 0