Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу форматына қатысты өзгерістер қабылданды

Оқу форматына қатысты өзгерістер қабылданды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №4 Қаулысына сәйкес:

1) мектепке дейінгі ұйымдарда – («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;

2) жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;

3) мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) – штаттық форматта;

4) жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулысындағы оқу форматына қатысты шектеулер алынып тасталды.
22 қаңтар 2022 ж. 250 0