Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызыл» аймақтағы жаңа қаулы

«Қызыл» аймақтағы жаңа қаулы

Облыстың Бас мемлекеттік сандәрігерінің №8 Қаулыда көрсеткен тыйым салулар сақталады. Сондай-ақ, келесі тізбедегі нысандар жұмысына рұқсат беріледі:

– жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді, бұл ретте сыныпта 15 адамнан аспауы тиіс.

– 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтарына;

-азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, дүкендер, шағын маркеттер жұмысына штаттық режимде;

– азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің жұмысына сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

– ашық аспан астындағы азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар үшін жұмыс және сенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыруға;

– «сенбі және жексенбі күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысына сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

– жабық базарлар жұмысына, ойын-сауда орталықтарының, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысына, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен;

– қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін, сонымен қатар фудкордтарды қоса алғанда жеткізу мен әкету жұмысына сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін;

– фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, жабық бассейндердің, СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын жұмыс күні сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыруға;

– сұлулық салондарының, шаштараздардың, «барбер шоптың», косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысына сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін;

– «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін «сары аймақ» өлшем шарттар қойыла отырып рұқсат етіледі;

– діни объектілерінің жұмысын бұқаралық іс-шараларды өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

– мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдыруға;

– такси қызметтеріне 3 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүру талаптарын сақтай отырып;

– халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған

ХҚКО жұмысына тек алдын ала телеграмм-ботпен брондау арқылы және банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін;

Осы Қаулы 2021 жылғы 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
22 сәуір 2021 ж. 434 0