Әрбір дерек мұқият тексеріледі
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатында ол қайғылы қаңтар жағдайының хронологиясына тоқталып, тергеу жұмыстары барысындағы ақпараттарды мәлімдеді.
Бас прокуратура өкілі бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматы қаласында және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың барлық себептері мен егжей-тегжейін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде екенін жеткізді. Ол қазірдің өзінде барлық аталған оқиғалар бір тізбектің буындары және террористердің әрекеттері бір орталықтан басқарылған деп айтуға болатынын атады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары террористік актілерге қатысушыларды анықтау және жазалау, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті толық қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда екеніне нақты тоқталды.
– Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды, оның 4353-і жараланды, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі – терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері бар. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар да терроризм актілерінің құрбаны болды. Біз азаматтарымыздың, сондай-ақ Қарулы экстремистердің құрбаны болғандардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғап, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамыз. Бұл алдын ала деректер, олар нақтыланып жатыр және өзгеруі мүмкін. Дегенмен, әрбір факті мұқият тексеріледі. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі, – деді С.Шалабаев.
Сонымен қатар, спикер бүгінгі таңда тергеу-жедел топтары 546 қылмыстық істе тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Олардың ішінде 44-і – терроризм актісіне, 34-і – жаппай тәртіпсіздікке, 15-і – адам өлтіру бойынша және тағы басқа қылмыстарға қатысты. Ал уақытша ұстау изоляторына қылмыс жасады деген 672 күдікті ұсталған, оның 446-сы соттың санкциясымен қамауға алыныпты. Құжаттарды тексергеннен кейін және ұстауға негіз болмағандықтан прокуратура органдары 100-ден астам азаматты босатқан.
Брифинг барысында қасіретті қаңтар жағдайындағы ақпараттарды мәлімдеген Бас прокуратура өкілі уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Сонымен қатар, егер азаматтар өз құқықтары бұзылды деп есептесе, Бас прокуратураға 115 нөмірі бойынша немесе тікелей аумақтық прокуратураларға хабарласа алатынын жеткізді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ