Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада төтенше жағдай кезінде 364 құқық бұзушы анықталды

Қызылордада төтенше жағдай кезінде 364 құқық бұзушы анықталды

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр.

Облыс бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы242 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 44-неайыппұл салынды, 159-і әкімшілік қамаққа алынды.Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы)122 дерегі анықталып, сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту, 12-не айыппул, 92 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

«Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 азаматтардың үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
17 қаңтар 2022 ж. 492 0