Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 60 жастан асқандар Pfizer вакцинасымен ревакцинациядан өте алады

60 жастан асқандар Pfizer вакцинасымен ревакцинациядан өте алады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды.

Бұл қаулыда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұрын қолданыста болған барлық қаулылары біріктірілген.

Сондай-ақ, осы құжатта қосымша мынадай мәселелер көзделген: Comirnaty (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-дің ауыр көріністерінің даму қаупі бар медицина қызметкерлерінің, 60 және одан жоғары жастағы адамдардың КВИ-ға қарсы ревакцинациясына рұқсат етілген.

Сонымен қатар, қаулыда КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация тактикасының кейбір мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берілген.
14 қаңтар 2022 ж. 487 0