Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік нысандарға 6 млрд теңгеден астам залал келді

Мемлекеттік нысандарға 6 млрд теңгеден астам залал келді

Елімізде қалыптасқан жағдайдан кейін аймағымызда ахуал тұрақты. Облыс аумағында арнайы блок-бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өз кезегінде тұрғындар екінші деңгейлі банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақшаларын шешіп алуда. Ерекше атап өтерлігі, өңіріміздегі «Halyq» банкінің барлық бонкаматтарына қаржы толтырылған.

Өңіріміздегі келеңсіздіктерді жою мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынуда. Яғни, блок- бекеттерге қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, күшейтілген жауынгерлік қызметте жүрген сарбаздарға ыстық тамақ берілуде. Сарбаздарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тәжік-ауған соғысы ардагерлері ұйымшылдық танытты.
– Облыс әкімінің және облыстық коммендаттың бұйрықтарына сәйкес, жұмылдыру басқармасына тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші кезекте блок- бекеттерді облыс аумағында қамтамасыз ету міндеті тұр. Арнайы блок-бекеттердің құрал-жабдықтарын түгендеу күн тәртібен түспейді. Арнайы шатырлар орналастырылды. Жауынгерлік қызметте жүрген 900-ден астам құқық қорғау саласының маман дары мен әскери қызметкерлерге ас-ауқат дайындалуда. Алдағы уақытта құрал-жабдықтардың тапшылығын болдырмау іс-шарасын жұмыс ба рысында кеңінен талқылайтын боламыз, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков.

Төтенше жағдай кезінде комменданттық сағат режимін бұзған азаматтар 15 тәулікке қамаққа алынады. Күштік құрылымдар елді мекендерді тазалау жұмыстарына кірісіп кеткен. Түн мезгілінде арнайы рейд ұйымдастырылып, қала тіршілігі бақылауға алынды. Таңғы 5-ке дейін жалғасқан рейд барысында тәртіпке бағынбағандарға шара көрілген. 3 автокөлік айыптұраққа қойылған. күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыстық көпбейінді аурухананың орнының 65 пайызғы науқастарға толған. Реанимациялық орындардың 80 пайызына науқастар жатқызылған. Сонымен бірге, мыңға жуық медицина қызметкерлері халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге
жұмылдырылған. Дүрбелеңге түскен күндер артта қалып, облыс орталығының тіршілігіне қан жүгіре бастады. Негізінен, аймақтағы алыс-жақын елді-мекендерге қатынайтын автобустар кестеге сәйкес, жолаушылар тасымалдауға көшкен. Ескеретін жәйт, коммендаттық сағаттың талабы бойынша аудан, ауылдарға қатынайтын автобустар тек кешкі сағат 7.00-ге дейін жүреді. Сонымен қатар, бірер күннен бері жабық тұрған базарлар жексенбі күні ашылды. Мұнда тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешек сататын дөңгіршектен орналастырылған. Шын мәнінде, күнделікті саудамен нәпақасын тауып отырған кәсіпкерлерге елімізде орын алған бүлік зардабын тигізді. Жаппай тәртіпсіздік кезінде орталық алаңда орналасқан облыстық соттар ғимаратына едәуір зақым келді. Қазіргі уақытта «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкерлері мен сот ма- мандары ғимарат ішінде зақым келген заттарды сыртқа шығарып, тазалау жұмыстарын жүргізген.

Айта кету керек, сот судьялары қарауындағы істерді өртенбейтін қоймаларға сақтаған. Және кейбір істерді өзімен бірге алып кеткен. Кеше елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні бо- лып жарияланды. Осыған байланысты мемлекеттік
мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлеттік Ту төмен түсірілді. Телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылды. Айта кетейік, елімізде егемендік жылдары 11 рет қаралы күн жарияланды. Бұл ретте, белгілі тұлғалар ел-халқын бірлікке шақырды. Тәуелсіздіктің қадірін ұғынып тыныштықты сақтау керектігін айтты, облыс коммендатының қойған тала- бына бағыну маңызды екенін ескертті. Өңірдегі қақтығыс салдарынан мемлекеттік нысандарға 6 миллиард теңгеден астам залал келді. Дәл қазіргі уақытта елімізде жаппай бүлік кезінде қанша адам қаза тапқаны жөніндегі ақпарат белгісіз. Дегенмен, облыста 21 жан бақилыққа аттанды. 

10 қаңтар күнгі мәлімет бойынша облыстық жедел штабтың жұмысы жөнінде облыс әкімінінің орынбасары Серік Ахмет мәлімет берді.

– Қазіргі таңда полиция органдарына 365 аза- мат жеткізілді. 54-і қамауға алынды. Олардан 3 атыс, 13 суық қару, 8 қалқан, 4 каска, 5 резеңке таятар тәркіленді. 7 қаңтардан бастап, ахуалға байланысты бірыңғай 1414 Call орталығы ашылған.

Арнайы орталыққа тұрғындардан 4432 қоңырау келіп түсті, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
11 қаңтар 2022 ж. 364 0