Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды

Президент утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды.

«Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек», - деді Президент. Президент бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керегін айтты.

11 қаңтар 2022 ж. 478 0