Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Президент Ashyq жүйесінің талаптарын жеңілдетуді тапсырды

Президент Ashyq жүйесінің талаптарын жеңілдетуді тапсырды

COVID-19 жағдайына арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев нысандарды Ashyq жүйесіне қосуды жеңілдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

«Ashyq жүйесінің функционалдығын жақсарту және оның жұмысына күнделікті бақылау жасауды ұмытпау маңызды. Жүйенің операторы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы болғанына қарамастан, оған бизнес нысандарын енгізу айтарлықтай ұзақ бюрократиялық процесс деген ақпарат бар. Жүйеге жаңа нысанды енгізу талабын жеңілдетуді қайта қарау қажет. Үкіметтен осы мәселені шешуін сұраймын», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет Ashyq және басқа да сандық құралдарды қолданатын бизнесті қолдауы керек. Екінші жағынан, осындай бақылау шараларын елемейтін кәсіпкерлер қатаң жазалануы керек. Бұл мәселе әкімдердің ерекше бақылауында болуы тиіс.

19 шілде 2021 ж. 635 0