Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Барыс» «Динамоның» тас-талқанын шығарды

«Барыс» «Динамоның» тас-талқанын шығарды

ҚХЛ-дың кезекті турында «Барыс» өз айдынында «Динамо» (Рига) командасын қабылдап, қарсыласын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы жиырма минуттықта Роман Старченко мергендігімен көзге түссе, екінші кезеңде Антон Сагадеев есеп айырмасын арттырды. Бұдан соң қонақтар сапынан белсенген Мартинш Карсум есеп айырмасын қысқартты. Арада аз уақыт өткенде Роман Старченко екінші шайбасын соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде қазақстандық клуб қаһарына мінді. Якоб Берглунд бір мәрте мергендік танытса, Никита Михайлис дубль авторы атанды. Роман Савченко соққан шайба кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 7:1. Елордалық клубтың жаңа жылды жарқын жеңіспен бастағаны көңіл қуантты.
04 қаңтар 2022 ж. 312 0