Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "САРЫАРҚА" ЧЕМПИОН

"САРЫАРҚА" ЧЕМПИОН

Бүгін Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Петров кубогын жеңіп алды. Тюменьде өткен финалдық серияда "Рубин" командасын айқын басымдықпен жеңді.
Қос команда арасындағы алғашқы кездесу тартысқа толы болды. Рубин сырт алаңда ұпай еншілеуді көздесе, Сарыарқа жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қарап қалмау үшін барын салды. Бұл ойындағы жалғыз әрі жеңіс голы Михаил Железновтың еншісіне жазылды. Қорытынды есеп 1:0.
«Қарағанды Аренадағы» екінші кездесуде қос құрама үшін оңайға соққан жоқ. Алаң иелерін жігерлендіру үшін жанкүйерлерде аянып қалмады. Бас аяғы 6 мыңнан астам адам жиылып қолдау білдірді. Облыс басшысы Ерлан Қошановта матчты тамашалады.
Алғашқы кезеңде қос команда бір бірін бағамдап, қос қапталдан барлап,қақпашыларының қарымдарын бір тексеріп алды. Әсіресе Тюменнен келген меймандар есепті ашатын бірнеше мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Алғашқы кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Руслан Ибатуллин есеп ашып «Сарыарқаны» алға шығарды.
Көрермен қауым нағыз шайқасты екінші кезеңде көрді. Үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде «Рубин» есепті теңестіре алды. Араға екі минут салып «Сарыарқа» ойыншылары екі дүркін алға шықты. 39 минутта Карлиннің соққан шайбасы таразы басын теңестірді. Есеп 2:2. Шешуші кезеңде барын салған қарағандылықтар тағы бір гол салып, осы ойында жеңімпаз атанды.
Жалпы финалдық төрт кездесу нәтижесі бойынша "Сарыарқа" 3:1 есебімен алға шыққан еді.
Ал бүгінгі тартысты кездесуде де қарағандылықтар қарсылас қақпасына 4 шайбатоғытты. Рубиндіктер болса жалғыз шайба ғана соқты. Сөйтіп, кездесудегі есеп 4:1, жалпы есеп те 4:1 болып, "Сарыарқа" чемпион атанды.

Е.БЕРКІНБАЕВ

24 сәуір 2019 ж. 776 0