Диагностикалық тексерістен өткізді

«Табиғи денсаулық» клиникасында білікті мамандар жұмыс істейді. Олар заманауи медициналық аппараттармен, яғни диагностикалық аппараттармен тексерулер жүргізіп, науқастардың ем алуына бағыт-бағдар жасайды. Осы тұста, клиника басшылығына қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Сәкен Алдашбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жөнінде ұсыныс жасаған. Тиісінше, медицина мамандары 30 мүмкіндігі шектеулі жанды тегін тексеруден өткізіп, дәрігерлік анықтама берген. Айта кету керек, дәрігерлік анықтама барлық медициналық ұйымдарға жарайды. Осындай игі істің шарапатын көргендердің қатарында сырдариялық Ұлмекен Бәкеева да бар.
ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан егемендік мерекесі қарсаңындағы игі істің шарапатын көргенін жеткізді.
– Халық денсаулығының жанашыры болып жүрген ақ халатты абзал жандарға айтар алғысымыз мол. «Табиғи денсаулық» клиникасы тарапынан игілікті іс жасалып, диагностикалық аппаратпен тегін тексеріс жүргізді. Ауданнан екі кісі бардық. Жарты сағатқа жуық тексерулер жүргізіліп, тиісті анықтамаларды шығарып, қандай ем алу керектігін айтып берді. Мұның өзі бізге үлкен көмек. Сондықтан осындай игі іске мұрындық болған жандарға ризашылығымды білдіремін, – дейді Ұ.Бәкеева.
Қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы С.Алдашбаев осындай қайырымды істер арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығы жіті бақылауда болатынын, олардың қоғам өміріне бейімделетінін айтты. Облыс орталығындағы клиниканың заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталғанын, мұнда білікті мамандар жұмыс жасайтынын атап, игілікті іске қолдау білдірген емдеу мекемесінің басшылығына алғысын білдірді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ