Энергетика саласының мамандары марапатталды
Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. атаулы күнге арналған Мерекелік қабылдауға Тереңөзек АЭТ-нің басшысы Нұрлыбек Кәкім бастаған ұжым қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында сала қызметкерлерінің еңбегі зор екенін атап өтті.
– Қазір электр энергиясынсыз ештеңені елестете алмаймыз. Жарық сөнсе, интернет желісі істен шығады, ал интернет желісі істен шықса, ақпараттық байланыстар үзіледі. Халық көптен күткен табиғи газдың да игілігін көру үшін ең әуелі электр энергиясы қажет. Осы ретте, күрделі де қиын салада еңбек ететін мамандардың еңбегі қай қырынан алсақ та құрметке лайықты, – деді Ғ.Еркебай.
Қабылдауда тапсырылған жұмысты тиянақты атқарып, қызметінде жетістіктерді бағындырған бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің «Алғыс хатын» табысталды. Бұл жолы инженер А.Дүйсенов, есепке алу инженері А.Мейрамбекұлы, шебер С.Сағидуллаев, техник Г.Ботабекова, есепке алу технигі Н.Раппазадаев, оператор Г.Сержановалар марапатталды. Сондай-ақ, электрмонтерлер А.Темірбеков, Н.Әбішов, А.Дұрысбеков, Қ.Абытов, Ш.Уәлиханұлы мен газбен дәнекерлеуші Ж.Қараев аудан басшысының «Алғыс хатына» ие болды.
Марапаттау салтанатында Тереңөзек АЭТ-нің басшысы Нұрлыбек Кәкім кәсіби мерекеге орай құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын айтып, сала қызметкерлері ауданды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұмыс жасай беретінін жеткізді.
А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ