Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала әкімі желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады

Қала әкімі желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, қала әкімі Ғанибек Қазантаев желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады.

Кездесуде шаһар басшысы тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, еліміздің егемендігі жолында бастарын бәйгеге тіккен желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатындығын ерекше атап өтті.

- «Сіздер әр салада табысты еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда бар күш-жігерлеріңізді арнап келесіздер. Өздеріңізбен бірге Тәуелсіздігімізді нығайтып, ел үшін бірге қызмет ете береміз.
Сіздердің құрметтеріңізге жыл аяғына дейін желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіш ашуды жоспарлап отырмыз. «Тағзым алаңы» аумағында орналасатын ескерткіш - жас ұрпаққа аға буын өкілдерінің ерлігін насихаттайтын рухани орын болмақ», – деді Ғанибек Қонысбекұлы.

Шара соңында желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қала әкімінің құттықтаулары мен сый-сыяпаттары табыс етілді.
11 желтоқсан 2021 ж. 490 0