Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізіледі ме?

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізіледі ме?

ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жақында ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жариялады.

«Ертеңгіліктер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Осы орайда Бас санитар дәрігерінің шешімі болғандықтан, біз оны орындауға міндеттіміз. Сондықтан ертеңгіліктер мен басқа да мерекелік жиындар мектепте ұйымдастырылмайды», - деді А. Аймағамбетов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бір сыныптың ішінде мерекені өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады.

Сонымен қатар тілшілер «омикрон» штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз Ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз болып тұр», - деді министр.

02 желтоқсан 2021 ж. 324 0