Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қызылордалық мемлекеттік қызметшілер «Қайырымдылық марафонына» қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің облыс әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық шарасына сырбойылық мемлекеттік қызметшілер өз үлестерін қосып, 700 мың теңгеге жуық қаржы жинаған.

«Бұл «Қайырымдылық марафоны» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қайырымдылық, игі істер жасауға шақыру болып табылады. Қайырымдылық қорына жиналған қаражат тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде беріледі», - деді облыстық департамент басшысы Рафхат Бисенов.

4 жас ерекшелігі бойынша марафонға қатысқан 300-ге жуық мемлекеттік қызметшінің арасынан жарыстан озып келген жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 3300-ден астам мемлекеттік қызметші барын ескерсек, марафонға қатысу ерікті түрде болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
02 желтоқсан 2021 ж. 293 0