Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде жүргізіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде жүргізіледі

Мүмкіндігі шектеулі адам – әлеуметтік қорғалуды қажет ететін қоғамның ең осал тобы. Елімізде мүгедектерді қорғау арнайы заңмен бекітілген. оларға бұдан былай «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жү­йесі порталы арқылы электрондық түрде қызмет көрсетіледі. оқырман назарына мемлекеттік қызметтерге қатысты өзгерістер бойынша Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша де­партаментінің №3 МӘС бөлімінің басшысы Мәдина Жұмағалиевамен сұх­батты ұсынамыз.

– Мәдина Нұрғалиқызы, мүгедек­терге «Е-лицен­зиялау» мемлекеттік деректер қо­ры» ақпараттық жүйесі порталы арқылы элек­трондық түрде көр­сетілетін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы айтсаңыз?

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрінің 2021 жылғы 3 наурыздағы №60 бұй­рығымен жаңа редакцияда қолданысқа енгізілген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бе­кітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүр­­гізу қағидаларының» 2-1 қосымшасының «Мү­ге­дектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дә­режесін белгілеу немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Қазақстан Респуб­ли­касы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерімен аталған мемлекеттік қыз­мет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны элек­трон­дық, ішінара автоматтандырылған қағаз түрінде жү­реді.

«Мүгедектікті немесе еңбек ету қабі­летінен айы­рылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қыз­меті мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқын­дайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүр­гізіледі.

Қағиданың 9-тармағына сәйкес, куәлан­ды­ру немесе қайта куәландыру осы Қағи­даларға 1-қо­сымшаға сәй­кес нысан бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтінішке сәйкес, куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып және «Электрондық үкі­мет» шлюзы арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйе­лерден элек­трондық-цифрлық қолтаңбамен куәлан­дырылған элек­трондық құжаттар нысанында алынатын мәліметтер негізінде жүр­гізіледі.
– Мүгедектігі бар тұлғалар үшін міндетті құжаттар тізбегі туралы хабардар етсеңіз?
– «Мүгедектігі бар тұлғалардың ор­та­лық­танды­рылған деректер банкі» авто­маттандырылған ақ­па­раттық жүйе­сінің биз­нес-процестерін автомат­тандырылуына байланысты қазіргі уақытта куә­ландыру жүргізуге міндетті құжаттар болып табы­латын 031/е нысанындағы жолдама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қа­тысу немесе қатыспау фактісін растайтын құжат «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.


Ал ақпараттық жүйеге енгізілген басқа қосым­ша құжаттар (себеп-салдарлық байланысты бел­гілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланыс­ты мүгедектіктің себебін айқындау үшін құжат; жарақаттың немесе аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себеп-салдарлық байланысын айқындайтын құжат; кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын кәсіптік ауру және улану диагнозын анықтау (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы – адамның кәсіптік ауруға шалдықанын айқындайтын құжат және т.б. құжаттар) қазіргі уақытта қызмет алушының ұсынуымен «МОДБ» АЖЖ-не сканерленіп енгізіледі.

Қағиданың 37-тармағына сәйкес, МӘС жүргізу нәтижесі МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы болып табылады. Оның негізінде куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне Стандартта көзделгендей аталған бөлімдердің сараптамалық қо­ры­тындылары қағаз түрінде беріледі.

– Мүгедектікті растау туралы ақпарат қа­лай ұсынылады?

– Стандартқа сәйкес, мүгедектікті растау туралы ақпарат және осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандары «Элек­трондық үкімет» www.egov.kz веб-пор­талы­ның «жеке кабинеті» арқылы ЭЦҚ-ны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, куә­лан­дырылатын адам­ның сұрау салуы бойынша ұсыны­луы керек. Алайда, қазіргі уақытта Халыққа қызмет көр­сету орталығымен мүгедектікті растау туралы ақ­парат қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген мүгедектерге ға­на беріледі. Басқа мүгедектерге (қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, Оңалтудың жеке бағдарламаларының көшірмелері) мүгедектігін растау туралы ақпаратты қызмет алушылардың жазбаша өтініштері бойынша әдіснама және бақылау бөлімімен қағаз түрінде берілуі жалғастырылуда. Осыған байланысты Стандартта көз­делгендей, ХҚКО-мен барлық санаттағы мүгедектерге мүге­дектікті растау туралы ақпаратты және оңалту жеке бағдарламалапы көшірмелерін беру мәселесін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәлан­дырылатын адам алған басқа да құжаттардың электрондық нысандарын «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының «жеке кабинеті» ар­қылы ұсынылуын қарастыруды ұсынамыз.
– Мүгедектікті куәландыруға байланысты тағы да қандай өзгерістер болуда?

– Қазіргі уақытта ҚР ЕХӘҚМ мен Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақ­­параттық жүйелерін интеграциялау жолымен проактивті сырттай куәландыруды куәлан­ды­ры­латын адамның қатысуынсыз өткізу жос­парлануда. Осыған орай, сырттай куәландыруға көшу­дің және жоғарыда аталған құжаттардың «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматты түрде қалыптастырылуы медици­налық ұйымдардың және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасы» автоматтандырылған ақпа­раттық жүйесі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ин­теграциялануға дайын­дығына байланысты екенін ескеру қажет.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Бибісара ЖАНӘЛІ
27 қараша 2021 ж. 339 0