Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарылған жұмыстар тыңдалды

Атқарылған жұмыстар тыңдалды

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалында ау­дан­дық филиал жанындағы экологиялық кеңес отыры­сы өтті. Оған аудандық партия филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Е.Жақып, кеңес төрағасы З.Жаманқұлов пен кеңес мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде аудандық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары­ және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің сайлауалды бағ­дарлама аясында атқарған жұмыстары тыңдалды.

Алдымен, бірінші мәселе бойынша аудандық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Бахтияров баяндады.

– Ел Президентінің Жолдауында мем­лекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырылған болатын. Аталған тапсырманы орындау үшін аудан елді мекендерін көгал­дандыру және жасыл белдеулер құ­ру жөніндегі 2021-2025 жылдарға ар­налған қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шара жоспарының ағаш түрлері бойынша топырақтық-климаттық жағдайында өсуге бейімделген бұталы ағаштарды отырғызу тармағына сәйкес, биыл ауданда 2,02 гектар жерге 5050 түп ағаш отырғызылды. Бүгінгі күнге егілген көшеттердің шығымдылығы аудан бойынша 65 пайызды құрап отыр. Келер көктемде егілген ағаштарды тү­гендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі қосымша ұсынылатын болады, – деді Е.Бахтияров.
Сондай-ақ, жоспар бойынша аудан аумағында 26,4 гектар жерге жасыл ай­мақтар құрылып, 66 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Осыған байланыс­ты аудандағы 14 елді мекенде жасыл аймақ құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінімдер ұсынылыпты.

Ал екінші мәселені аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Ері­шова тарқатты. Бас маман нысаналы мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атады.

– Қазіргі таңда аудандық жұмысшы топтың бастамасымен Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің шағын кәсіпкерлерге тексерулер жүргізуге жарияланған мораторий талаптарын ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің иелігіндегі пай­даланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыстар жүргізілуде. Және де нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескерту хаттары таратылуда. Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің ішінен ауылдық елді мекен шекарасынан 5 шақырым радиуста орналасқан жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде, биыл аудан бойынша жалпы көлемі 3846,39 гектарды құрайтын 26 учаске меншік иелерінің өз өтініштеріне сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылды, – деді А.Ерішова.

Ал аудан аумағында орналасқан суландырылған жайылымдықтар мен су­лан­­дыру қондырғыларына байланысты аудан бойынша жалпы саны 404 суландыру қондырғыларының ішінде ауданның босалқы жері санатында 202, ауыл шаруашылығы жері санатында 47,  орман қорында 35 және Ұлытау ауданы аумағында 118 ұңғыма және шеген құдық нақтыланған. Суландыру қондырғыларына жасалған түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 202 ұңғыма және шеген құдықтар ауданның босалқы жері санатында орналасқандығы және оның ішінде 89-ы жарамды екені анықталған.

Отырыста кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізіп, тапсырмалардың нақты орындалуы үнемі назарда болатынын жет­кізді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
27 қараша 2021 ж. 313 0