Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

01 сәуір 2023 ж.

№ 25 газет

28 наурыз 2023 ж.

№ 24 газет

25 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Бас мүфти «қара жұма» атауын өзгертуді ұсынды

Бас мүфти «қара жұма» атауын өзгертуді ұсынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «қара жұма» атауын «жомарт жұма» деп өзгертуді ұсынды.

Мүфтият сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Бас мүфти бұл ұсынысты еліміздегі сауда орталық иелері мен кәсіпкерлерге бағыттады.

Бас мүфти кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсіп жатқанын айтты.

«Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталық иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын», – деді ол.

Оның айтуынша, «жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз.

«Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұма» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
25 қараша 2021 ж. 198 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам