Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова: «Өңірде бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова: «Өңірде бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісі, оның ішінде өңдеу саласы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көбейді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифинг барысында хабарлады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны өсіп, құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі де артты.

Биыл 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйлердің құрылысы жүруде, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 тұрғын үй бар. Жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Облыс экономикасына, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты.

Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталады».
18 қараша 2021 ж. 292 0