Жыл басынан бері облыс көлемінде газға қатысты 7 өрт оқиғасы тіркелді

«Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан, қайғылы оқиғалар жиі орын алуда. Ағымдағы жылы облыс көлемінде газға қатысты 7 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп отыр. Сондықтан арнайы заңға сәйкес коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын оларға техникалық қызмет көрсетуге шарт жасаспай пайдалануға тыйым салынады», - деді Бақтияр Махамбетжанұлы.
Газ құю бекеттерінде апаттардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде. Дегенмен, заң бұзушылықтар жиілеп, 3 заңды тұлға мен 1 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.
«Облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен облыс аймағында орналасқан автомобильді газ құю бекеттеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралардың барысында тұрмыстық газ баллонының жарылуы және автомобильді газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллонына газ құюға тыйым салынатыны есертіліп, жадынамалар таратылды», - деді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Стамқұлов.