Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға артты

Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға артты

Облыста шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға, өндірілген өнім көлемі 11,7 пайызға артқан. Қызылорда облысы кәсіпкерлік саласы бойынша алғашқы үштікте. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішов мәлімдеді.

-Шағын және орта бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, өңірде бизнестің экономикадағы үлесі артып келеді. Жалпы шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі 15 пайызды, ал орта бизнестің үлесі 3,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жобаға өтеусіз гранттар берілді, - деді Талғат Болатбекұлы.

11 қараша 2021 ж. 505 0