Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отыз жылдан кейін қайта жаңғырған нан зауыты

Отыз жылдан кейін қайта жаңғырған нан зауыты

Қызылордада өңір экономикасына тың серпін берген «Қызылорда-Нан» серіктестігінің нан өнімдері кешені ашылды. Аймақтың өңдеу өнеркәсібі саласына ауқымды инвестиция салған меценат Нейля Жүсіпова.


Қызылордада алғаш рет 1957 жылы іске қосылған нан зауыты 1995 жылға дейін тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен болатын. Араға отыз жыл салып, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, жаңа кешен жұмысын бастады.

Жалпы 5,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған бұл кешен – тек өндірістік ғана емес, әлеуметтік және ұлттық маңызға ие ірі нысан. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етуде, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін көбейеді.

Кешенге мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріліп, оның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған жабдықтары бар төрт өндірістік цех іске қосылды. Алдағы жылы жобаның екінші кезеңінде 2,5 миллиард теңгеге ұн комбинатын салу жоспарланған.
22 қараша 2025 ж. 1 0