Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 76 жастағы қазақстандық марафоншы Нью-Йоркте 42 шақырымды жүгіріп өтті

76 жастағы қазақстандық марафоншы Нью-Йоркте 42 шақырымды жүгіріп өтті

Салтанат Түйтібаев — кәсіби марафоншы. Яғни қазақстандық және халықаралық жүгіру марафондарына тұрақты қатысады. 76 жастағы спортшы 7 қараша күні АҚШ-тың Ньй-Йорк қаласында өткен халықаралық марафонға қатысты. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі желаяқ қариямен кішігірім сұхбат құрған болатын.

Салтанат Түйтібаев 1945 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. Ұстаздық мамандықты игеріп, біраз жылдар мұғалім болған. Кейін кәсіподақ саласына ауысып, ал одақ ыдырап қиын-қыстау заман басталғанда жеке кооператив ашып, тіршілік еткен. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Күні кеше ғана марафоншы АҚ-тың Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық марафонда көпшілікпен бірге 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өтті.

«Алдымен айтарым, Нью-Йорк марафонында жүгіру әрбір марафоншының басты арманы. Себебі халықаралық марафондардың ішіндегі ең беделдісі десем болады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 50-52 мың адам қатысады. Мен осыдан 2 жыл бұрын Амстердамда жүгіру марафонынан біліктілікті растайтын нормативті тапсырдым, норматив нәтижесі белгілі болғаннан кейін Нью-Йорктегі жүгіру марафонын ұйымдастырушылар мені қатысуға шақырды. Бұл марафон негізі былтыр өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Жалпы аталған жүгіру сайысы жыл сайын қараша айының алғашқы демалысында өтеді. Шынымды айтайын, бұған дейін мен мұндай марафонды көрген емеспін. Осыған дейін түрлі деңгейдегі 22 халықаралық жүгіру марафонына қатыстым», - деді Салтанат Түйтебаев.

08 қараша 2021 ж. 315 0