Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жәрмеңке – халық сұранысына ие

Жәрмеңке – халық сұранысына ие

Таңертең дорбасын арқалаған жергілікті тұрғындар жәрмеңкеге ағылды. Күздік өнімнің саудасы қызып тұрған шақта көпшілік өзіне қажеттісін таба білді. Нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сатылған ауылшаруашылық өнімдері жоғары сұранысқа ие болды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Алтын дән – 2021» іс-шарасы аясында өткізілген Сырдария ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көрді. Жергілікті тұрғын­дармен және саудагерлермен пікірлесті. Сөреде тұрған өнімнің бағаларына бақылау жасап, сапасына да көңіл бөлді. Молшылық мерекесінде күріш, картоп, жуа, сәбіз, болгарь бұрышы, асқабақ, қауын-қарбыз, ет, балық, бал, жиде, мал азығы сатылымға шықты. Қыстың қамын ойлаған жұртшылық жәрмеңкеге дән риза.

– Біз жыл сайын жәрмеңкеден ауыл­шар­уашылық өнімдерін аламыз. Бұл жолы да отбасымызбен бірге келіп, жәрмеңкедегі бағаны бағдарлап көрдік. Өз кезегінде қыс бойы тұтынатын өнімдерімізді молынан алуға тырыс­тық. Алажаздай қажырлы еңбек еткен диқандар қашанда құрметке лайық. Барша шаруаларды молшылық мерекесімен құттықтаймын, – дейді кент тұрғыны Гүлжаһан Баймаханова.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

02 қараша 2021 ж. 337 0