Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылда күн күрт суытады

Жаңа жылда күн күрт суытады

Синоптиктер 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығына ауа райы болжамын ұсынды.
Жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады әрі ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Мамандар 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығында ауа температурасының күрт төмендейтінін айтады.
"Еліміздің батыс өңірінде түнде -8…16 аралығында аяз болады, күндіз ауа температурасы -8 және +5. Солтүстік-батыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -15..25 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа темпаратурасы -8…15 суық болады. Солтүстік және орталық облыстарда түнде -5... 25 және -5-18 аяз болады. Күндіз ауа температурасы -5…16 және 0…8-ге дейін төмендейді. Шығыста түнде -10…18, -15…23 аяз болса, күндіз ауа температурасы -2…10 және -7…12-ге көтеріледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -8...15 суықты көрсетеді. Күндіз ауа райы +7...10 жылы болады", - делінген хабарламада.
29 желтоқсан 2019 ж. 584 0