Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Жалағаш жаршысы" газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

"Жалағаш жаршысы" газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымына Қайрақбаев Кенжетай Балғабайұлы тағайындалды.

Қайрақбаев Кенжетай Балғабайұлы 1991 жылғы 10 қарашада Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылында дүниеге келген.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде тілші болып бастаған. 2016-2017 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінде жауапты хатшының көмекшісі, тілші болып еңбек етті. 2017 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарып келді.

Кенжетай Балғабайұлы – Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі. Аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын жастар» сыйлығымен және облыс әкімінің үздік журналистерге берілетін «Ұшқыр қалам» аталдарымен марапатталған.
16 қыркүйек 2020 ж. 891 0