Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суды субсидиялау ережелері өзгерді

Суды субсидиялау ережелері өзгерді

Биыл ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

«Ауыз суды есепке алу аспабы болған кезде субсидиялар 1 адамға арналған тұтыну нормативі кезінде тәулігіне 140 литр мөлшерінде төленеді. Осы нормадан асқан жағдайда тұтынушы сумен жабдықтау қызметтеріне толық тарифпен төлейді. Яғни Ережеге сәйкес бір адамға тәулігіне 140 л. бұл айына 4,3 м3 егер пайдаланған ауыз су осы көлемнен аса тұтынушылар толық тарифпен төлем жасайтын болады. Бекітілген тариф бойынша топтық су құбырлары үшін 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 507,14 теңге. Оқшау су құбырлары үшін 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 364,63 теңге. Ережелердің жаңа нормалары ағымдағы жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енді, онда жергілікті атқарушы органдардың берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлеу және жергілікті өкілді органға бекітуге ұсыну жөніндегі құзыреті көзделген. Халықтың ауыз суға төлеп отырған 30/40 теңге деген баға 2006 жылдан бері өзгермеген. Яғни осы 15 жыл ішінде су беруші мекемелердің электр энергиясы, айлық жалақы және тағы да басқа шығындары ескеріліп, табиғи монополияларды реттеу жөнінде уәкілетті органмен бекітілетін ауыз су тарифы қанша көтеріліп жатқанымен халықтың жасайтын төлемі өзгеріссіз қалып келген. Оның өзінде 2014 жылға дейін халықтан басқа барлық тұтынушы да осы 30/40 теңге жеңілдетілген бағамен төлеп келсе, 2014 жылдан бастап тек қана халыққа берілген ауыз суға ғана субсидия беріле бастады»,- деді Ерлан Ералыұлы.

"Арал" салынып жатқан кәсіпорындардың біріккен дирекциясы» мекемесі директорының орынбасары Ержан Ералыұлының айтуынша, бұған дейінгі су пайдаланушылардың көлемін есептеп, облыс бойынша халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері есептеліп 202 теңгені құрады. Бірақ баламасыз су көзі ретінде ауыз суды ішуге және шаруашылық мақсатта тұтынып отырған халыққа ауыз су бағасын бірден өсірмей есептегіш барларға 60 теңге, есептегіш құралы жоқ тұтынушыға 80 теңгемен бекітуді және оны қолдануды 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастау жоспарланды.

18 қазан 2021 ж. 500 0