Орталық стадион қайта жаңғыртылуда

– Осы күні орталық стадионды қайта жаңғырту бойынша кезең-кезеңімен жөндеу жүргізіліп жатыр. Техниканың барлығы жеткілікті деңгейде. Мәселен, құрылыс барысында 3 камаз, 2 тиегіш көлік, 1 автогрейдер қамтылған. Спортшылардың стадионда емін-еркін жаттығуына толықтай мүмкіндіктер қарастырылуда. Құрылыстың сапалы және уақытылы аяқталуын жіті қадағалаймыз, – дейді «Астана сервис Ltd» ЖШС-нің өндіріс бригадирі Қайрат Жабағиев.
Айта кету керек, аудан бойынша спортпен шұғылданушыларға әртүрлі деңгейдегі 130 нысан қызмет көрсетуде. Сонымен бірге, дене шынықтыру мұғалімі және оқытушы-жаттықтырушылар саны – 230, оның 199-ы жоғарғы білімді, 30-ы арнаулы орта білімді мамандар. Ауданда 574 дене шынықтыру және спорт үйірмесі жұмыс жасайды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ