Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » АХМЕТЖАН ЕСІМОВ АРЫС ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛАРЫНА БАРДЫ

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ АРЫС ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛАРЫНА БАРДЫ


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларына барып құрылыс жұмыстарымен танысты. «Самұрық-Қазына» Қоры  Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, соның ішінде 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және т.б. кіреді. Сонымен қатар, Түркістан облысында 7000 орындық стадион, Х.А. Яссауи атындағы мұражай, конгресс орталығы және оқушылар Сарайы Сынды 4 нысананың құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қор Арыс және Түркістан қалаларының нысандарын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 42,2 млрд. теңге бөлді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің іс-сапары барысында мердігерлер басшылары құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынын жеткізді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
 жөніндегі департаменті




31 шілде 2019 ж. 766 0