Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада түзеу мекемесінен 12 шетел азаматы босатылды

Қызылордада түзеу мекемесінен 12 шетел азаматы босатылды

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде шетел азаматтары да жазасын өтеуде.

Жыл басынан мекемеден 12 шет ел азамат босатылған. Мекеме қызметкерлері бұйрыққа сай босатылатын шетел азаматтарын Қызылорда облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырады. Одан әрі сотталған азаматты өз еліне жіберуді облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасы жүзеге асырады.

«Қауіпсіздігі төмен мекемеден жазасын өтеп шыққан 12 шетел азаматы бар. Олар Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елінің азаматтары. Бұл шетелдіктер шекараны заңсыз кесіп өту, жол-көлік оқиғасын жасағандар. Сот қаулысымен мекемеден босатылған барлық сотталғандардың ақпараттық іздестіру карточкаларын, дактилоскопиялық картасымен(саусақ іздері таңбаларын), сотталғанның босатылған жөніндегі сот қаулысының көшірмелерін, сотталғанның тұрғылықты жеріндегі Жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданса, шет ел азаматтарының құжаттарын облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырамыз. Сонымен қоса бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей, сотталған адам таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатындығын, еңбекке қабілеттігін, игерген мамандықтары туралы хабардар етіледі. Мерзім соңымен мекемеден 100 сотталған босатылды», – деді режим тобының аға жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахманов.
14 қазан 2021 ж. 217 0