Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Биыл 1 қарашадан бастап берілетін ақылы жолдар

Биыл 1 қарашадан бастап берілетін ақылы жолдар

QazAvtoJol компаниясы жақында пайдалануға беруге дайын ақылы учаскелер туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан - Павлодар», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучинск - Көкшетау», «Қапшағай - Талдықорған», «Шымкент - Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде», - делінген компания мәліметінде.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде», - деп аталып өткен хабарламада.
19 қыркүйек 2021 ж. 576 0