Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Университет оқытушыларының жалақысы көбейтілді

Университет оқытушыларының жалақысы көбейтілді

ҚР БҒМ-ға қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйек айынан бастап өсті.

БҒМ мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушыға кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорға – 260 мың теңге, профессорға – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңгені) беріледі.

“Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне ең төменгі мөлшердегі жалақыны белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы үшін 680 сағаттан аспайтын болады, яғни оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысу үшін көбірек мүмкіндігі мен уақытының көбеюіне арналған", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды.


15 қыркүйек 2021 ж. 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам