Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші басымдық: Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Екінші басымдық: Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында негізгі жеті басымдыққа тоқталды. Соның екіншісі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. Президент осы басымдықта адам өмірі бəрінен қымбат екеніне тоқталып, мемлекет тарапынан өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты нақты тапсырмаларды іске асыру қажеттігін айтты.

Халық нақылындағы «Бірінші байлық – денсаулық» деген сөзбен басталатын маңызды құжаттың екінші бағытында əлем халқын соңғы кезде əбігерге салған коронавирус індетінің беті əлі қайтпағандығы туралы айтылды. Əрине, індетке төтеп беру үшін қыруар жұмыс атқарылды. Жаңадан ауруханалар салынып, стационар саны көбейтілді. Миллиондаған медициналық құрылғылар алынып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауруханаларға жеткізілді. Ғалымдар жұқпалы дертті тоқтатудың жолы – вакцинада екендігін түсіндіріп, арнайы екпе шығарды. Вакцинаны дер кезінде қабылдаған адам дертті жеңуге бір табан жақындайды. Халықты мазалаған екіұдай сұрақтың жауабы нақ осы Жолдау - да айтылды. Яғни, Президент вакцинаның тиімді əрі қауіпсіз екеніне күмəн келтірмеу керектігін назарға салды. Тіпті, қазіргі уақытта QazVac-қа өзге мемлекеттер сұраныс берген. Ал өз елімізде қолжетімді вакцинаны əлі де салғызбай, керісінше халық арасында теріс насихат жүргізіп жүргендер бар. Мұндай адамдар ең алдымен жақындарының өміріне қауіп төндіретінін білсе де, вакцинадан бас тартуда. Мемлекет басшысы осы орайда: «Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта əлемде коронавир

устың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда. Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, əрі қарай дамуға бейімделуіміз керек» деді.

Жалпы, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша маңызды мəселелерге назар аударған Президент бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн деген пікір білдірді.

Вакциналау бойынша сырдариялықтар белсенділік танытуда. Бүгінде ауданға 18029 доза вакцина келген. І компонентті 15383 адам қабылдаса, бұл халықтың 85,3 пайызын құрады. ІІ компонентті 16001 доза келіп, онымен 13077 адам егілген. Қазіргі таңда вакцина қоры ауданда жеткілікті.

Сонымен қатар ел Президенті екінші бағытта коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты мəселе қозғады. Яғни, скринингтік тексерулер, ота жасау деңгейін төмендетпеу, балалардың стандартты екпе қабылдаудан қалыс қалдырмауына байланысты тапсырма берді. Бұл мəселеге қатысты аудандық аурухана бас дəрігерінің бастапқы медициналық санитариялық көмек жөніндегі орынбасары Жанар Жұмабаева:

– Аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын алдын алу жұмыстарымен қатар бекітілген жоспарға сəйкес тиісті іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілуде. Скринингтік тексерулердің орындалуы қазіргі уақытқа 87,2 пайыз, бұл жыл соңына дейін 100 пайыз болады. Стационарлық емдеу жұмыстары бойынша, мəселен, ота жасау 2020 жылдың 8 айында 111 ота жасалса, 2021 жылдың 8 айында 201 ота жасалды. Сондай-ақ Жолдауда медицина саласына қаржы құю туралы айтылды. Қаржы мамандардың қайта даярлануына, біліктілігін көтеруге жұмсалатын болады. Осы ретте, аудандық ауруханада жыл басынан бері 35 дəрігер, 65 орта буынды қызметкер білімдерін жетілдірді, – дейді.

Шын мəнінде, ауданның денсаулық сақтау саласы жақсы жетістіктерге жетуде. Жағымды жаңалықтардың қатарында жаңа медициналық құрал-жабдықтардың келуі бар. Аурухана жыл басынан бері 109 млн теңгеден астам қаржыға медициналық құралдар алған. Дəрідəрмек қоры да жеткілікті. Кадр тапшылығы бойынша ауданға 3 анестизиолог-реаниматолог, 1 инфекционист, 1 жалпы тəжірибелі дəрігер жетіспейді.

Адам денсаулығы – мемлекеттің байлығы. Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Медицина саласының өркендеуі – қазақстандықтардың сапалы өмір сүруінің кепілі.

Денсаулықпен қатар дене шынықтыруды атап көрсеткен Қазақстан Президенті «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың жəне балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс əкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс» деді.

Денсаулықпен қатар дене шынықтыруды атап көрсеткен Қазақстан Президенті «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың жəне балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс əкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс» деді.

Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі
14 қыркүйек 2021 ж. 497 0