Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті

"Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талсуат оңалту орталығында ерекше жандар арасында «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада мақсаты дене тәрбиесін насихаттау, ерекше жандар арасында салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару болып табылады.

Спартакиаданы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы үш топқа бөлінген жарысқа қатысушылар «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Картоп егу», «Допты торға», «Көңілді әуе шарлары» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Барша белсенді қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
10 қыркүйек 2021 ж. 569 0