Халық санағын сылтау еткен алаяқтар үй-үйді аралап жүр
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: ақ көйлек киіп, қолдарына көк сөмке мен куәлік ұстаған азаматтар тұрғындардың үйлеріне келіп, өздерін әкімдік өкілі етіп таныстырады және халық санағын жүргізіп жатқанын айтады.
Ұлттық статистика бюросы бұл адамдардың санаққа ешқандай қатысы жоқ екенін ескертті.
"Санақ жүргізушінің қолында мөрмен куәландырылған тиісті сертификаты, сондай-ақ көк орамал мен 2021 жылғы халық санағының белгілері бар портфель болады. Сонымен қатар сертификатта тіркеу нөмірі болады, оның көмегімен sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы іздеу жолына нөмірді енгізу арқылы санақ алушы туралы бүкіл ақпаратты табуға болады", – деп хабарлады олар.
Сондай-ақ респондент 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы санақ алушының жеке басын тексере алады.
Еске сала отырайық, қазақстандықтардың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында барлық санақ сұрақтарына онлайн түрде жауап беруге мүмкіншілігі бар.