Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Токио-2020: Пара дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды

Токио-2020: Пара дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты.

Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Ә.Сариев Рио паралимпиадасына да қатысып, одан жүлдесіз қайтқан болатын.

Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.

Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді.


27 тамыз 2021 ж. 431 0