Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы топ мүшелері ауылдарды аралады

Жұмысшы топ мүшелері ауылдарды аралады

Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауданда мемлекеттік бағдарламаларға байланысты жұмысшы топ құрылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысшы топ құрамында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е. Ахетов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының несиелендіру бөлімінің басшысы Ж.Әлиева және Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бизнесті дамыту және қолдау бөлімінің бас маманы Д.Сайлаубай бар.

Топ мүшелері кеше карантин талаптарын сақтай отырып, ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық және Қоғалыкөл ауылдық округтеріне барып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап өтейік, жұмысшы топтың ауылдық округтерді аралау кестесі алдын ала әкімдіктің ресми парақшасында жарияланды. Ауылдардағы жиындар барысында кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы тұрғындарға тегін кеңестер мен бизнес жобалар бойынша бағыт-бағдарлар берілуде.

12 тамыз 2021 ж. 386 0