Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстанның вакцина паспортымен қай елге кіре аласыз?

Қазақстанның вакцина паспортымен қай елге кіре аласыз?

Қазіргі таңда Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Дастан Рыспеков.

Сондай-ақ, ол Мальдив аралдарының билігімен де қазақстандық вакцина паспорты бар туристерді қабылдау бойынша келіссөз жүріп жатқанын жеткізді.

«Қазір Мальдив аралдарына бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті түрде ПТР-тест қажет. Мальдив аралдарының үкіметімен біздің вакцина паспортын қабылдау бойынша мәселелер шешіліп жатыр. Шешілгеннен кейін ПТР-тестсіз-ақ, вакцина паспортымен кіруге мүмкіндік болады», - деді комитет басшысы.
14 маусым 2021 ж. 549 0