Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбандық шалды

Құрбандық шалды

Құрбан айт мерекесінде Не­сібелі Керейтбаева жетек­ші­лік ететін «Сырдария» қо­ғам­дық қоры ізгілікті амал жасап, құрбандыққа мал шалды. Аудан ардагерлерінің ақ батасын алды.

Ұлық мерекенің мазмұнын арттыра түскен қор мүшелері көптің алғысын алды. Құрбандыққа шалынған уақ малдың еті 10 тұрмысы төмен отбасыға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды. Қайырымдылық көмек көр­сетілген отбасыларға тұрақты түрде азық-түлік табысталуда.

– Құрбан айт – күллі мұсылманның мерекесі. Ізгілікті мерекеде көпшілік Алланың разылығын алып, құрбандыққа мал шалуды ниет етеді. Осы күні біз де жақсылық үшін ұйымдаса әрекет еттік. Ең алдымен, айт намазы оқылып, са­уапты амалды сәтімен орындауды мақсат тұтқанымыз рас. Сонымен бірге аудан ардагерлерінің ізгілікті тілегіне құлақ асып, үлкеннен ғибрат алдық. Негізінен, аталған қор арқылы қайырымдылық іс-шаралары тұрақты жүзеге асырылып келеді. Ұлық мерекенің мезіретін сезіндіріп, мән-мағынасын арттырып, осындай игі іс-шараға мұрындық болған сырдариялықтарға алғыс айтамыз, – дейді «Сырдария» қоғамдық қорының төрайымы Несібелі Керейтбаева.

Балтабай Аябекұлы
24 шілде 2021 ж. 265 0