Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Біздің бейғамдығымыздың кесірі отбасымыз бен айналамыздағы адамдарға тиюде

Гүлшара Әбдіқалықова: Біздің бейғамдығымыздың кесірі отбасымыз бен айналамыздағы адамдарға тиюде

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова індеттің өршуіне байланысты қызылордалықтарға үндеу жариялады.

«Қазіргі таңда коронавирус індеті қайта өршу үстінде. Былтыр осы кезеңде қаншама жақын-жуығымыздан, жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан айрылып, Туымыз төмен түсіп, қара жамылдық. Ол күндер мәңгі ешкімнің есінен кетпейді.

Биыл да індетпен ауырғандар күннен күнге тоқтаусыз көбеюде. Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде.

Бүгінгі күні облыста барлығы коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр.

Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

Ауруға жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдықса, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығынды азаматтар арасында белсенділік байқалуда.

Бұл жұмысқа белсенді азаматтар арасында көп деген сөз.
Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын», – делінген әлеуметтік желідегі парақшасында.
15 шілде 2021 ж. 207 0